Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті
Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышына айналған Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті.
Бұл туралы Instagram парақшасында Асхат Маемиров жазды.
- "ҒАЗИЗА АПА.... Апа-оу егілттіңіз ғой, жылаттыңыз ғой дүйім елді.... Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышына айналған Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті. Аты жаман тажал ауру ешкімді аямады. Жарты ғасыр бойы қазақ театрының төрінде шынайылығымен, табиғи талантымен көрерменін тамсандырған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінәбиева - жаны мен жүрегі мейірімге толы, адалдықты ту еткен болмысы бөлек жан еді.... Сахна кеңістігінде Мөржандай асыл аналардың, Ару қыздардың бейнесін сомдаған аса талантты актриса, аяулы жан дүниеден өтті. Көкіректі кернейтін өкініш... Ғазиза Апа, асыл апам-ай...", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.
Ғазиза Әбдінәбиева Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, қазақ театры мен кино өнерінің майталманы.
1948 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Тартоғай ауылында туған.