Кәсіподақ активімен кездесу өтті

Oinet.kz 16-04-2021 769

Screenshot_1.jpg

Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымы "Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" ғимаратының мәжіліс залында кәсіподақ активі мүшелерімен кездесу өткізді. Жиынға "Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымының төрайымы Лариса Тургинбаева, "Әділет" білім беру қызметкерлері кәсіподағы" ҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Болат Әлиев, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, атқару комитетінің мүшелері, қалалық кәсіподақ комитетінің мүшелері қатысты.

Жиынды "Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев ашып беріп, кәсіподақ активінің жұмысына сәттілік тіледі. 

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының XXVI съезінің шешімдерін жүзеге асыру, Шымкент қаласы Білім басқармасы, қалалық Кәсіпкерлер палатасы және "Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымы» арасындағы әлеуметтік серіктестік туралы Келісімге және ұжымдық шарттарға 2019-2022 жылдарға арналған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, "Әділет" білім беру қызметкерлері кәсіподағы" ҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау бойынша тәжірибелері, бүгінгі пандемия мен карантиндік шараларға байланысты Қазақстан Республикасының «Мұғалім мәртебесі туралы» Заңын іске асыру кезінде кездесетін мәселелер қаралды.

Кездесу барысында Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымы мен "Әділет" білім беру қызметкерлері кәсіподағы" ҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы тәжірибе алмасу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Әл-Фараби атындағы кітапхананың жұмысымен танысты
«Пандемия теңізге шығатын жолы жоқ елдерге теріс әсер етті» - Цой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу