Әл-Фараби атындағы кітапхананың жұмысымен танысты

Oinet.kz 15-04-2021 563

Screenshot_2.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханаға келіп, қазіргі атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып шықты. Таныстырылымға Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шеримов қатысты. 

Рухани шаңырақ халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуде. Бүгінде кітапхана қорында 400 мыңнан астам кітап пен 6546 дана электронды қоры бар. Ал, оқырмандар саны 18 600-ды құраса, келушілер саны 128 000, кітап берілімі 216 000. Мұнда 96 қызметкер еңбек етеді. Барлығы да кәсіподақ мүшелері. Кітапхананың бастауыш кәсіподақ төрайымы – Сәуле Бисеитова Мухиқызы.

Кітапхана қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы және кітап.kz  қорын толықтыруға белсене атсалысуда. Цифрлық заманда кітапхана мобильді, смартжоба – QR - кітапхананы жүзеге асырды. Бүгінде 60-қа жуық жергілікті авторлардың көркем шығармаларын оқырмандар кітапхана сайтындағы  штрих – код арқылы оқи алады.

Кітапханада оқырмандардың қызығушылығына орай «Жас түлек», «Бәрін білгім келеді», «Мұрагер», «Дидарласу» Libclub «Глобус» мүдделестер клубтары жұмыс істейді.

Кітапхана қала аумағындағы кітапханалар үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.

Айта кетейік, шақырылған құрметті қонақтардың қатарында Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов  те болды.

Түлкібас: Шақпақ баба ауылдық мәдениет үйінде жарамазанды насихаттау шарасы өтті
Кәсіподақ активімен кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу