ІІМ халыққа үндеу жасады

Oinet.kz 10-04-2021

9 сәуір күні кешке Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының полициясына көп балалы ана жүгініп, ағаларымен бірге үйдің сыртына ойнауға шығып кеткен 3 жасқа да толмаған ұлын екі сағаттан бері көршілерімен бірге іздеп, таба алмай жатқандығын жеткізген.

ІІМ.jpg

Анықталғандай, балалар анасымен бірге көшеге шыққан. Анасы көрші үйде қонақта болып, балаларын терезеден бақылап отырған. Біраз уақыттан кейін далаға шыққан кезде, баласын таба алмай қалған. Басқа балалар да оның қашан және қайда кеткенін байқамаған.

Ішкі істер органдары бірден балалар ойнап жүрген тұрғын үй маңын, көшелер мен үйлерді тексерді. Маңайдағы он көшеде 50-ден астам үй қаралды. 3-ші көшеден кейінгі дүкендерде орналасқан камералар тексерілді, алайда жазбалардан ештеңе табылған жоқ.

Іздестіру түні бойы жалғасты, оған 80-нен астам полиция қызметкері және Ұлттық ұланның 50 әскери қызметшісі, құтқарушылар, ТЖД 3 кинологиялық қызметі және 135 ерікті қатысты. Өкінішке қарай, жаңбыр жауып тұрғандықтан қызметтік иттер іздерді таба алмады.

Таңертеңгі тоғыз жарымда ғана облыстың криминалдық полиция қызметкерлері Быструха өзенінің бойын тексеру кезінде, бала жоғалып кеткен үйден шамамен 800 метр қашықтықта, өзеннің бойында жатқан ағаштың жанынан баланың мәйітін тапты.

Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады, сондай-ақ, баланы іздеуге қатысқан еріктілер мен қолдаушыларға алғыс білдіреді.

- Елдегі су тасқыны жағдайын ескере отырып, көшелерде жүрген балаларға абай болуды, кішкентай балалар мен кәмелетке толмаған балаларды су қоймаларының жанында жалғыз қалдырмауды сұраймыз, – деді ведомство қызметкерлері.

Тоқаев Ұлыбритания патшайымына көңіл айтты
Рухани астана. Тұжырымдама аясында атқарылған тірлік көп


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×