Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Әлеуметтік желілерде Алматы облысы тұрғынының видео үндеуі пайда болды. Видеода бұрынғы күйеуі ұрып-соғып, қорқытқанын айтқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео кадрларынан әйелдің бетінде соққының ізі көрінеді. Жәбірленушінің айтуынша, бұрын азаматтық некеде болған күйеуі оны 31 наурызда ұрып-соққан.
- Үйге мас күйінде достарымен келді. Мені көлікке күштеп кіргізді. Сонда ұрып-соқты. Өтіп бара жатқан адамдар полиция шақыратынын айтқанда, басқаларына көліккті жүргізуді бұйырды. Мен көліктің артында жаттым. Ол менің үстімде отырып ұрып-соғуын жалғастырды. Кейін олар мені далаға шығарып, ішуге мәжбүрледі. Бірақ мен ішімдікті төгіп тастадым. Үстімдегі көйлегімді жыртып "сені ұстап тұрамын, мыналар сені зорлайды" деді. Сосын көзімнен басымен ұрды, - деді әйел.
Әйелдің айтуынша, оларды ауылға қайтар жолда полиция күтіп алған.
- Сол күні арыз жаздым, қабылдап алды. Олар қазір бостандықта. Мен балаларым және өзім үшін қорқамын. Ол мені, балаларымды және үйді өртеп жіберемін деп қорқытты. Полиция қызметкері оның туысы екенін айтты, - деді ол.
Әйел басынан ауыр соққы алып, емделіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол өзін ұрып-соққан адамдардың бостандықта жүргеніне наразы.
Алматы облыстық Полиция департаменті 31 наурызда Балқаш ауданы полициясына Ц. есімді тұрғын оны ұрып-соққан бұрынғы жұбайының үстінен арыз түсіргенін хабарлады.
- Факт Балқаш аудандық ПБ-да тіркелді. Зардап шеккен адамдағы дене жарақаты дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі, - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.