​Еңбеккер бейнесі – Мархабат Құдайбергенова

Oinet.kz 02-04-2021 646

Мархабат Құдайбергенова Шымкент қаласын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына елеулі еңбегін сіңірген азаматша деп айтуға болады. 

image.png

Бұлай дейтініміз, Мархабат Ақанқызы бұл жұмысқа осыдан тура 14 жыл бұрын кірісті. 2007 жылдың сәуір айынан бері "ЛТД Тұрмыс" ЖШС-нде жұмыс жасап келеді. Мархабат 4 баланың анасы. Асыраушысынан айырылған ол балаларының қамы үшін ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді. Мархабат Құдайбергенова бүгінгі таңда жұмысшылардың жағдайы жақсы екенін жеткізді. Жалақы баяғыдай аз емес, бұған қоса уақтылы төленетіндігін жеткізді. Жұмыс орнында жұмысшылар тиісті санитарлық-тазалық құралдарымен қамтамасыз етілген. Ал, жұмысшылардың жағдайын қашан да бақылауда ұстайтын кәсіподақтарға Мархабат Ақанқызы алғыс айтуды да ұмытпады.

Тоқаев бес заңға қол қойды
Министр Мусин коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу