Министр Мусин коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады (фото)

Oinet.kz 02-04-2021 832

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин апта басында коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. 

Бағдат Мусин.jpg

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіге коронавирусқа қарсы екпе салдыру барысында түскен фотосын жариялады. Ведомство басшысының сөзінше ол екпені апта басында салдырған. Министр қазір денсаулығының жақсы екенін жазды. 

- Апта басында вакцина қабылдадым. Өзімді жақсы сезінемін. Фотоны өңдеп қайта жүктеп отырмын, - деп жазды ол Facebook парақшасында. 

​Еңбеккер бейнесі – Мархабат Құдайбергенова
Бердібек Сапарбаевтың інісі жаңа қызметке тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу