Бердібек Сапарбаевтың інісі жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 02-04-2021 2259

Қызылорда қаласының әкімі болған Нұрлыбек Нәлібаев енді Премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады. Бұл туралы Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Нұрлыбек Нәлібаев.jpg

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты. 

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 

1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 

2005–2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.  

2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.  

2008-2013 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.  

2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі. 

Айта кетейік, Нұрлыбек Нәлібаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың туған інісі.

Министр Мусин коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады (фото)
«Өмір бойына қалады» - Сағынтаев коронавирус және вакцина туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу