Семейде даңғыл мен аренаға Назарбаев есімі берілуі мүмкін
Семейде жақын арада Назарбаев атындағы даңғыл пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Arnapress.kz.
Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық мәслихат депутаты Айбек Нұғымаров айтты.
- Қарағайлы шағынауданында әзірше атаусыз тұрған көшеге Назарбаевтың есімі берілсе дейміз. Сонымен қатар, сол аудандағы спортнысанды да Тұңғыш Президенттің құрметіне "Елбасы-Арена" деген атау беру ұсынылды, - деді Айбек Нұғымаров.
Оның сөзінше, ұсынысты 30-ға жуық адам жасаған. Оның ішінде, ақсақал, депутаттық корпус өкілдері мен қаланың қоғам белсенділері бар.
- Бәрі болды - мәдениет, спорт және қалалық белсенділер... Бүгінде шешім қалалық мәслихатта, сосын оны астанаға жібереді, сол жерде шешіледі, - деді ол.