Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Африкаға қазіргі таңда коронавирус қана емес, Эбола індеті де қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Инфекция Африка құрлығындағы 6 елден табылған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі мәлімдеді. Осыдан 3 күн бұрын Гвинеяда туысының жерлеу рәсіміне қатысқан бір отбасының барлық мүшесі эболаны жұқтырғаны анықталған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл тергеу амалдарын қолға алған.
- Гвинеяда Эболаны 7 адамның жұқтырған, 3 науқас көз жұмды. Жұқтырғандармен байланыста болған 115 адамды анықтадық. Сондай-ақ Конгоның шығысында 4 адам эбола жұқтырды. Өкінішке қарай, 2 науқас қайтыс болған. Осыған байланысты бұл елде жаппай вакциналау науқаны басталды. Індетке қарсы вакцинаның 1200 дозасы өткен аптада жеткізілген болатын. Екпе шаралары бірінші кезекте Эбола таралған 4 ауданда жүргізілмек. Ауруға шалдыққандармен қарым-қатынас жасаған 300-ге жуық тұрғын қазір оқшауланып жатыр, дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Маргарет Харрис.