Желіде Шөмішбай Сариев пен Нұртілеу Иманғалиұлының бірге түскен суреті жарияланды (фото)
Белгілі әнші Жанар Айжанова ақын Шөмішбай Сариев пен тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының бірге түскен суретін жариялады. Әнші аталмыш суретті Instagram парақшасында жариялады.
- Қатар кетті ау қос ағам, көңілді қайтем босаған. Бақұл болыңдар ағаларым. Алла алдарынан жарылқасын. Арқа сүйеп жүретін едік, орындарың ойсырап қалды-ау - деп жазды әнші.
Қос бірдей тұлғасынан айырылған қалың көпшілік пікірлерін жарыса жазуда.
- "Иманы саламат болсын! Бақұл болыңыздар. Қадіртұтар халқымның ағалары! Иманды болыңыздар!", "Иманды болсын! Жақсылар азайып бара жатыр", "Алла панасына алсын арыстарды", "Барған жерлері жайлы, пейіштен болсын!", "Алды пейіш, арты кеніш болсын. Жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын!" - деп жазды желі қолданушылары.