Белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

Oinet.kz 17-02-2021 1198

Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Qazaqstan ұлттық телеарнасына сілтеме жасап. 

Нұртілеу.jpg

Нұртілеу Иманғалиұлы "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас", "Айна", "Жас жігер", "Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", Nur-Tiley авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.

Нұртілеу Иманғалиұлы 2006-2007 жылдары - "Қазақстан "республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы, одан кейінгі жылдары "Қазақстан РТРК" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясының ұжымы Нұртілеу Иманғалиұлының жақындары мен туған-туыстарына қайығырып көңіл айтады. Бүгін Ұлттық арна эфирінен естелік хабарлар мен арнайы жобалар беріледі", - делінген хабарда.

Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген. Үйдегі 14 баланың кенжесі. Атасы Қалиасқар, бес жасында сауатын ашқан. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, "Алтын Жұлдыз" сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры, Ақсу ауданының "Құрметті Азаматы".

Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, "Хабар" агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген.

"Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарған. Нұртілеу Иманғалиұлы тележурналистикадан айнымаған тұлға. Ғұмырының 35 жылын телевизияға арнаған.

Мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу