АҚШ-та 3 миллион адам жарықсыз қалды

Oinet.kz 16-02-2021 773

АҚШ-тың Техас штатында қалың қар жауып, 3 миллион тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

8fbd57f9104276264fe836410011e6e3_L.jpg

Осыған байланысты ел президенті Джо Байден аймақта төтенше жағдай жариялап, шұғыл қаржылық көмек көрсеткен. Техас штатында ауа температурасы минус 28-ге дейін жеткен. Қолайсыз ауа райына байланысты Хьюстон қаласындағы Джордж Буш атындағы халықаралық әуежай жұмысы уақытша тоқтатылған. Сиэтл шаһарында қалыңдығы 60 сантиметрге дейін жететеін қар жауып, енді ұлттық метеорология қызметінің айтуынша аяз бен боран оңтүстікке қарай ойысуы мүмкін деп ескертуде.


Чехия-Германия шекарасында 30 шақырымдық кептеліс орнады
«Ата-анамның қазасы мені бір күнде есейтті» - Бақтияр Артаев (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу