Алматы қаласында иесіз арыстан жүр

Oinet.kz 09-02-2021 983

Алматы қаласына қарасты ауылдардың бірінде иесіз арыстанның жүргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

левв.jpeg

Әлеуметтік желіні шулатқан оқиға орнына, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық территориялық инспекциясының инспекторлары барып қайтты. Аталған факті расталды.

 - Кеше, әлеуметтік желі беттерінде Алматы қаласы маңындағы ауылдардың бірінде иесіз арыстан жүр деген хабар тараған болатын. Оқиға орнына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық территориялық инспекциясының  инспекторлары барып қайтты. Көрсетілген фактілер расталды", - деп жазды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Аян Мейрам өзінің Facebook-тегі парақшасында. 

Арыстанның қазіргі жағдайы қалыпты. Қазіргі таңда арыстанды орналастыратын жер қарастырылуда.Арыстанның қала маңындағы ауылдарға қалай келгені әзірге белгісіз. Қазіргі таңда, полиция қызметкерлерлері аталған факті бойынша тергеу амалдарын бастап кетті. Тергеу нәтижелері алдағы уақытта жарияланатын болады. 

Ринат Заитов жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін күтпеген мәлімдеме жасады
«Кедейшілік халықты намысынан айырып жатыр» - белгілі кәсіпкер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу