Лоторея ойынын ұйымдастырған блогер 670 мың теңге айыппұл төлейді (видео)

Oinet.kz 09-02-2021 1426

Нұр-Сұлтанда жаңа көлік пен су жаңа айфон ұтып алды деп бірқатар блогерлер мен кәсіпкерлер ешбір карантин талаптарына қарамай мыңдаған адамды жинап ұтыс ұйымдастырды, деп хабарлайды Oinet.kz  Информбюро жаңалықтарына сілтеме жасап.

Нур Султан лоторея.jpg

Жиналған адамның көптігі сонша оны полиция әрең тарқатқан. Ал, әкімшілік жауапкершілікке тартылған кәсіпкердің жаңадан ашылған сол жағалаудағы гүл дүкені қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.  Есілдің сол жағалауындағы гүл дүкеніне екі мыңға жуық адам жиналған. Машина мен айфон ұтқысы келген олар да, дүкен басшылары да карантин талаптарына да ескермеген.

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов көпшілік жетіскеннен бармайды, бұл күнкөрістің төмендігі, елімізде лоторея өткізетін жалғыз оператордан басқалардың ұтыс ұйымдастыруы заңсыз, сол үшін заңды қатайту керек дейді.

- Бүгінде қарызы жоқ адам жоқ. Барлығының мойнында кредит бар. Осыны жабам ба деген үміт. Заңға әрине өзгерту енгізуге болады. Қатайтуға болады. Өйткені, біздің азаматтарымыз алаяқтардың құрбаны болып жатса ондай заңның не керегі бар - дейді Мәжіліс депутаты. 

Мәжіліс депутаты мұндай ұтыстан халықты сақ болуға шақырды. 

Полиция дүкен алдында жаппай адам жиналып жатқанын бірден байқаған. Сөйтсе де, бір жарым сағат ішінде үш мыңға жуық адамды әрең қайтарып, дүкен басшыларын Есіл аудандық полиция бөліміне алып кетіпті. Олар енді карантин талаптарын бұзған үшін 670 мың 910 теңге, тротуарға қоқыс шашып кеткені үшін 87 мың 510 теңге айыппұл төлейді.

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні
«Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі» - Тоқаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу