Нұр-Сұлтан қаласы «Қызыл» аймаққа қайта енді
Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "Қызыл" аймаққа қайта енді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясың мәліметінше "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Павлодар облыстары бар.
"Сары" аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта - қалған өңірлер.
Сонымен қатар 8 ақпандағы жағдай бойынша 27 028 қазақстандық коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 16 770 адам коронавирус жұқтырған, 10 258 науқас пневмониямен ауырып жатыр.