Вице-министр вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайын айтты
Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов астанада №6 қалалық емханада вакцина салдырды.
- Қолайсыздықты сезіп тұрған жоқпын. Вакцина салдыратын адамды дәрігер тексереді. Дене қызуы, қан қысымы, жұтқыншағын тексереді. Содан кейін дәрігер ол адамға вакцина салуға рұқсат береді. Әр адам ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қояды. Егер ол барлық талаппен келіссе, 21 күннен кейін вакцинаның екінші кезеңіне де келуі керек, – деді Ерлан Қиясов.