​Шымкент: «Нишалық жобалар» бағдарламасы аясында 25 жаңа кәсіпорын ашылады

Oinet.kz 19-01-2021 911

Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаевтың қатысуымен Кәсіпкерлер палатасы қызметінің 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебі мен алдағы жоспарлары бойынша брифинг өтті. 

image.png

Аталған баспасөз мәжілісінде қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев жұмыспен қамту, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, нишалық жобалар мен бастамалар бойынша бірқатар мәселеге тоқталды. 

– Шымкент қаласында жұмыссыздықты қысқарту мақсатында бірнеше жоба іске асырылды. Атап айтқанда, өткен жылы мобильді жұмыспен қамту орталықтарына 77,5 мың адам жүгінді. Оның ішінде 63,5 мыңына жекелей кеңес беріліп, «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында 7 884 адам оқуға жіберілді. Нәтижесінде, 3 013 адам ресми түрде жұмысқа орналасты. Сонымен қатар «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде оқу орталықтарында 2 000 жұмыссыз оқудан өтіп, оның 70,1 пайызы жұмыспен қамтылды, – деді Нұрлан Орынбасарұлы.

Спикердің сөзінше, «Нишалық жобалар» (кəсіпкерлердің өзіндік бағытына мүмкіндік жасау) бағдарламасы аясында өткен жылы «Бал декор» компаниясының кілемдерге арналған шашақтар өндірісі іске қосылған. Ал 2021 жылы картонға арналған қағаз және жұмыртқа қорабы, қатырғыштар (саморез, шуруп), қағаздан жасалған цилиндрлер өндірісі бойынша 3 меморандумға қол қойылған. Яғни, аталған бағдарлама аясында алдағы екі жылда импорт алмастыруды қамтамасыз ету, 400 жаңа жұмыс орнын, 100 жаңа тауар түрін және 25 жаңа кәсіпорын ашу көзделуде. 

Айта кетейік, 2020 жылы экспорт бойынша Кәсіпкерлер палатасы 21 кәсіпорынды сүйемелдеуге ықпал жасаған. Сонымен қатар 40-тан астам кәсіпорын мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Серік Қосай

«Балаларды ата-анасына қарсы қоймақшы» - Мұхамеджан Тазабеков заң жобасы туралы
Медведев Назарбаевты құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу