Өмір сүру сапасын арттырамыз
Қараша халыққа «NurOtan» партиясының алдағы мақсатын толыққанды түсіндіру үшін Құтарыс ауылының тұрғындарымен жүздестік.
«Nur Otan» партиясы біздің ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Аудан тұрғындарының таза ауыз суға, табиғи газға, инфрақұрылымға қол жеткізу деңгейі біркелкі емес, осы теңсіздікті жою үшін жұмыстарды жандандырады. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.
Аудан тұрғындарын инфрақұрылым желілерімен, үздіксіз, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін электрмен жабдықтау желілері мәселесін шешетін боламыз:
1-ші кезеңде Ақбастау, Әйтеке би, Манкент, Нұржақорған, Ақсуабад ауылдарында (2632 адам) 250 га жер аумағына инженерлік-коммуникация құрылымдарының (газ жүйесі, жол құрылысы, электр желісі) құрылысын жүргізуге;
2-ші кезеңде Көлкент, Қасымбек датқа ауылдарында 42 га жер аумағын (342 адам) электрмен қамтамасыз ету және КТП орнатуға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін инфрақұрылымға 2 974 аудан тұрғындары қолжетімді болады.
Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, табиғи газға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.
Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үйдің қолжетімді болуын қолдайды. Ауданда 1861 адам тұрғын үй кезегінде тұр.
«Nur Otan» партиясы тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауданда 5 көпқабатты тұрғын үй құрылысының жобасы әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылған (сметалық құны 2,6 млрд. теңге) 2020-2021 жылдары іске асыру жоспарланған.
Сонымен қатар, елді мекендердегі санитариялық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жылы Ақсукент ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлер арасында және Ақсукент ауылы Абылайхан көшесінде жалпы 28 жаңа үлгідегі жәшік орнатуға ықпал етті.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін кезектегі 300 отбасы, оның ішінде жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар мен аса қамқорлықты қажет ететін отбасылар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Жарқын болашақ, жайлы өмір үшін
"Nur Otan"-ға дауыс бер!