Бүгін Жандарбек Бекшиннің туған күні

Oinet.kz 05-01-2021 855

Осыдан 63 жыл бұрын, яғни 1958 жылы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин дүниеге келді. Қостанай облысында туған. 

Жандарбек Бекшин.png

1982 жылы Свердлов мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Білімі бойынша - дәрігер-гигиенашы, эпидемиолог. Медицина ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1975 жылы бастаған. Мемлекеттік органдарда түрлі қызметтерде, оның ішінде 2009 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде қызмет еткен. 

2014-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас санитариялық дәрігері қызметін атқарған. 

2017-2019 жылдары ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы болды. ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігер қызметін атқарды (2019-2020). 

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары (03.2020-04.2020). Қазіргі қызметінде 2020 жылдың cәуір айынан бастап. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 5 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «5 жыл Астана», «10 жыл Астана» медальдарімен марапатталған.

Бүгін Қадыр Мырза Әлидің туған күні
Cайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу