Сайрам ауданы: Кәсіпкерлік саласын қолдау қарқынды болмақ

Oinet.kz 30-12-2020 1101

10 желтоқсанда Қазақстанда саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Әрбір партия тұрғындарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырады. Осы бағытта «Nur Otan» партиясы Сайрам ауданында үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Соның бірі бүгін Қарасу ауылдық округіндегі «Рауан» спорт кешенінде «Натур продукт» ЖШС-нің қызметкерлерімен экспромт - кездесу өтті. 

image.png

Кездесу барысында аудандық мәслихат депутатығынан үміткерлер  Б.Жамалбеков пен Н.Нұрекенова партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар тарапынан жастарды тәрбиелеу, білім беру, денсаулық сақтау, құқықтық сала бойынша мәселелер көтерілді. 

- 2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етіп, басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін дәлелдеді. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, ауданымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатын болады. Біз бұған қалай жетуге болатынын нақты білеміз. «Nur Otan» партиясы барлығына ашық! Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз, - деді Б.Жамалбеков.

Сондай-ақ, Сайрам ауданы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасындағы өзекті деген мәселелерге тоқталды.

- Бағдарламада тұрғындарды толғандырған көптеген мәселе қамтылған. Олардың барлығы 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен шешімін табатын болады. Соның ішінде сіздерге кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған іс-шаралар жайында баяндап берсем. 

Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.

Ол үшін: «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен жыл сайын 11 кәсіпкерге қолдау көрсетуге, оның ішінде 6 жобаны субсидиялауға, 5-ін кепілдендіруге, 1-ін инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және 2 азаматқа грант ұсынуға;

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жыл сайын 150 стартап гранттар мен 120 несие алуына жағдай жасауға;

мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес» курсымен жыл сайын 200-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға;

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын 13 жаңа жобаларды несиелендіруге;

қаржыландыру орталықтары арқылы жыл сайын 245-тен аса жобаны іске асыруға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға дейін белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесін 95,5%-ға, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны 17525 бірлікке, жұмыспен қамтылатын жұмыскерлер саны 29,0 мыңға жетеді, - деді Н.Нұрекенова.

Nur Otan партиясы Сайрам аудандық филиалының Сайлау қоры қаражатынан төленді 

«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының баспасөз қызметі

ДДСҰ күтпеген мәлімдеме жасады
Қалалық этно мәдени орталық өкілдерімен кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу