Шымкентте коммуналдық тарифтер қымбаттамайды

Oinet.kz 25-12-2020 589

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дархан Қайынбердиев баяндады.

 image.png

– Шымкент қаласында келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық төлемдердің бағасы осы жылдың деңгейінде қалады. Осы орайда атқарған жұмыстарға тоқталсам, Департамент тарапынан қала тұрғындарының өтініші негізінде екі жылда 54 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Ал жыл басынан бері табиғи монополия субъектілерімен бірлесіп, тұтынушылардың өтінімі бойынша 12 қабылдау өткізілді. Жалпы, тарифтерді реттеу бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде тұтынушылардың 13 млрд теңге қаражаты үнемделді, – деді Дархан Әбілқасымұлы.

Департамент басшысының айтуынша, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі мен инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысымен танысу үшін БАҚ, тұтынушылар, қоғамдық ұйымдар және мемлекеттік органдардың қатысуымен пресс-турлар өткізіліп отырады. Одан бөлек, атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар департаменттің ресми парақшасында жарияланады. 

Айта кетейік, аталған Департамент қала тұрғындарының өтінімдерін қарау нəтижесінде 210 мың абоненттің құқығын қорғаған. 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Береке Сейітжаппар

​Мереке кезінде гарнизон он күн күшейтілген режимде жұмыс істейді
ХХІ ғасырдың үздік футболшысы аталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу