​Мереке кезінде гарнизон он күн күшейтілген режимде жұмыс істейді

Oinet.kz 25-12-2020 544

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев мәлімдеді. 

image.png

– Шымкент қаласының тұрғындарына Полиция департаментімен бірігіп, жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық заттарды қолдану кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында түсіндірме және өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, 21 рейдтік іс-шара өткізіліп, 14 желтоқсанда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында қаланың ірі сауда орындары мен базар иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деді Мадияр Есенгелдіұлы.

Спикердің айтуынша, өткен жылы жаңа жыл мерекесін тойлау уақытында жазатайым оқиғалар тіркелмеген. Сонымен қатар, пиротехникалық бұйымдарды арнайы лицензияланған сәйкестік сертификаты және қолдану нұсқаулығы бар дүкен бөлімінен ғана сатып алу ұсынылады. Ал пиротехникалық заттарды сақтау және сатуға лицензиясы болмаған жағдайда Полиция департаменті тарапынан әкімшілік іс қозғалады.

Айта кетейік, желтоқсан айының 25-і мен қаңтардың 5-і аралығында Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы шырша орнатылған орталық көшелерде өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша күшейтілген режимде қызмет атқарады. Ұзақ жолға шықпас бұрын облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы "112" немесе 33-74-84 телефондары арқылы білуге болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Береке Сейітжаппар

«Түсініксіз» - Асхат Садырбай Әбдікәрімова топ жарған әлем байқауы туралы пікір білдірді
Шымкентте коммуналдық тарифтер қымбаттамайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу