ТЖМ басшысы қазақстандық вакцинаны салдыруға қатысты ойын айтты

Oinet.kz 25-12-2020 715

Қазақстанның ТЖМ министрі Юрий Ильин коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда және дәрігерлердің ұсынысы бойынша салдыруға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Юрий Ильин.png

Юрий Ильин вакцинация қауіпсіз және халықты кез келген инфекциядан сақтауда тиімді екенін жеткізді. 

- Бірақ дегенмен де оны әр азамат өз еркімен салдыруы керек, - деді министр. 

Сонымен қатар, министр вакцина салдыруға қалай қарайтынын айтты.

- Қажет болса, организмге ешқандай кері әсері болмаса және дәрігерлердің ұсынысымен Қазақстанда өндірілген вакцинаны салдыруға болады, - деді ол. 

Алайда министр көпшілік алдында вакцина салдырмайтынын жеткізді. 

- Меніңше, көпшілік алдына вакцина салдырудың еш мәні жоқ, себебі маған ондай PR керек емес. Біздің құтқару бөлімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жарияланатын басқа да шаралары бар, - деді ведомство басшысы. 

Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Ұлттық банк жаңажылдық дастарқанға жеткілікті қаражатты атады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу