«Бірі балаға зар болып жүр» - Асхат Аймағамбетов

Oinet.kz 24-12-2020 1146

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов анасы соққыға жығып, далаға шығарып жіберді деген 8 жасар қызға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Асхат Аймағамбетов.png

Министр қазіргі таңда бұл ақпарат тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Оған қоса, Аймағамбетов кішкентай қыздың аязда далада киімсіз отыруын көрудің өзі ауыр екенін айтты. 

- Біз бұл ақпаратты көрдік. Қазір құзырлы органдар бұл мәселе аясында жұмыс істеп жатыр. Сөзім жоқ. Қыздың далада, киімсіз, қарда, суықта отырғанын көру қиын. Мен мұны түсінбеймін. Қыздың өмір сүру жағдайы да қиын сияқты. Бірі балаға зар болып жүр. Ал кейде осындай қиын жағдайлар орын алып жатады. Бірақ әлі нақты ешнәрсе айта алмаймыз, - дейді Аймағамбетов. 

Берік Тұрсынбеков: Бір-екі рет асылып өлмек болған кезімде әйелім көріп қалды
Мұғалімдердің жалақысы көтеріле ме? - Аймағамбетов жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу