Берік Тұрсынбеков: Бір-екі рет асылып өлмек болған кезімде әйелім көріп қалды

Oinet.kz 24-12-2020 3096

"Шымкент шоуы" театрының актеры болған, Күлпаш рөлі арқылы танылған актер Берік Тұрсынбеков қызықты оқиғаларын баяндады. Өмірдегі жеңісі мен жеңілісі, күйзелісі мен қиындықтары туралы баяндады. Қыз үшін төбелескен кездерін еске алды. 

Screenshot_4.jpg

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды. 

Тұрсынбеков 33 жасында күйзеліске түсіп, қиындыққа тап болады. Оған не себеп болғанын өзі де білмейді.

"Берік ауыр күндерді бастан кешті. Отбасы да, әріптестері де білген жоқ. Өте қиналды. Оған не себеп болғанын сол күйі білмей кеттім. Ол туралы айтпайды. Мен қатты қорықтым. Тіпті шифонердің, үйдің есігін ашып қалсам, Берік асылып тұратын секілді болатын. Ол кезеңнен өттік. Қайтып келмесе екен деймін. Елдің сөзі, өсегі әсер еткен шығар деп ойлаймын", - деді әйелі Қарлығаш. 

Тұрсынбековтің айтуынша, күйзеліске түскен жылдары әйелі өзінің асылып тұрғанын 1-2 рет көріп қалған. Содан шошынып қалған дейді ол. 

"Мен бала күнімнен өз-өзіммен сөйлесіп жүретін адаммын. Ел мені жынды деп ойлайтын. Қазір ойласам, құдаймен сөйлеседі екенмін. Оны көріп тұрғандай сөйлесемін. Бір уақыттарда құдаймен байланысым үзіліп қалды. Сол кездері қиындыққа түстім. Арақтың да әсері бар. Шайтан азғырды. Өлсем құдай кешіреді деп ойладым. Бетпе-бет сөйлескім келді. Қазір ойласам, оның бәрі үшін ұяламын. Егер мен мектептегі алғашқы махаббатыма, не басқа қызға үйленсем, сол кезде жалғыз қалар ма едім. Бірақ Қарлығаш менің қасымда болды. Мені қолдады. Көмектесті. Әйтеуір со тығырықтан алып шықты", - дейді актер.

Мәселелер шешу алаңы кеңейеді
«Бірі балаға зар болып жүр» - Асхат Аймағамбетов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу