Ел ішінде «Nur Otan»-ға деген сенім мол

Oinet.kz 23-12-2020 899

Қазіргі таңда елімізде 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына қатысушы партиялар арасында үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. Бұл орайда  «Nur Otan» партиясы да белсене жұмыс жасауда. Партияның облыстық, аудандық деңгейдегі құрылымдары да жұмысты жандандырып отыр.

image.png

– 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына орай «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы жоспарда көрсетілген жұмыстарды тыңғылықты жүзеге асыруда.

11 желтоқсан күні филиал жанынан құрылған сайлауалды штабы өз жұмысын бастады.  

Аудандық филиалдың сайлауалды бағдарламасы бекітілген. 

Одан бөлек насихат жұмыстарын жүргізудің медиа-жоспары бекітілген. Штаб мүшелері мен партия атынан аудандық, облыстық және Парламент Мәжілісіне үміткерлер жоспарға сәйкес үгіт-насихат жұмыстарына қызу кірісіп кетті. 

Кандидаттар жалпы алғанда «Канвассинг», «Есіктен-есікке» шаралары бойынша үгіт-насихат жүргізуде. Мұнан бөлек ЗУМ платформасы арқылы, тікелей эфир жүргізу арқылы партияның сайлауалды бағдарламасын жұртшылыққа таныстыруда. Еліміздегі эпидахуалға байланысты барлық сақтық шараларын сақтай отырып сайлаушылармен жүзбе-жүз кездесулер де жүзеге асып жатыр, - дейді «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы, Шардара аудандық филалы төрағасының бірінші орынбасары, өңірлік сайлауалды штабының басшысы Ерғали Қарымсақов.

image.png

– Шардаралықтар «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» ұраны аясында партияның 7 бағыттан тұратын аймақтық сайлауалды бағдарламасын елге насихаттау, түсіндіру бағытында жұмыс атқарады, - деп мәлімдейді «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлауалды штабының қорынан төленді.

​Ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлерді қолдау әр қашан партия назарында
2025 жылға дейін елдімекендер 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу