​Ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлерді қолдау әр қашан партия назарында

Oinet.kz 23-12-2020 1025

Бүгін «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штаб аппарат төрағасының орынбасары С.Дүйсебаев ауыл шаруашылығы, бизнес қоғамдастықтың және кәсіпкерлер (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) өкілдерімен "Nur Otan" партиясының сайлауалды  бағдарламасын түсіндіру мақсатында онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлер қолдау.png

Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, аудандағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті.

Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады. Нәтижесінде 2025 жылы шағын және орта бизнестің үлесі 24%-ға дейін артып, кәсіпкерлер саны 8,7 мыңға, ал ондағы жұмыскерлер саны 18,0 мыңға жетеді. 

«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды.  Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.  Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

Төлеби аудан.png

Zoom платформасында кездескен мамандар еңбеккерлердің еліміздің өркендеуіне қосып отырған ұшан-теңіз еселі еңбектерін атап өтті. Мемлекетіміздің қарыштап дамуы, елдің жағдайының көтерілуі ең бірінші ауылдың, ондағы егін, мал шаруашылығының дамуына тікелей байланыты. Ал өзін өзі жұмыспен қамтығандар елді мекендерде сауда-саттық, шаштараз, сұлулық салондарының пайда болуына ғана емес, бәсекелестікке де үлес қосып отыр. Бәсекелестік бар жерде сапалы тауар, сапалы қызмет көрсетумен қатар, қарапайым халық үшін қолжетімді баға қалыптасады.

 Онлайн (online) кездесу барысында кандидаттар ауыл шаруашылығы, бизнес қоғамдастықтың және кәсіпкерлер саласының өкілдерімен танысып, олармен осындай бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Кездесу барысында жарқын келешекке қойылған жоспарларды ортаға салды. Кандидаттар партияның алдағы бес жылға арналған ауыл шаруашылығы, бизнес қоғамдастықтың және кәсіпкерлер қатысты ауқымды жобалары мен бастамаларының қозғаушы күші боп жүрген қарапайым еңбеккерлердің ерен еңбегін лайықты атап өтті.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді.

Сәкен Майғазиев жаңа қызметке тағайындалды
Ел ішінде «Nur Otan»-ға деген сенім мол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу