Ордабасыда атқарылған жұмыс көп
Бүгін Ордабасыда аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков баспасөз мәслихатын өткізді. Брифинг барысында Нұрбол Әбдісаттарұлы Ордабасы ауданының биылғы әлеуметтік-экономикалық саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.
- 200 орындық «Диамұр» бөбекжай балабақшасы - 2012 жылы балабақша болып өзгертіліп, пайдалануға берілген. 2020 жылы 116 217 662,40 теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «Ынтымақ Строй» ЖШС. Жалпы Ордабасы ауданында бүгінде 55 балабақша бар, оның 40-ы - жеке меншік балабақша. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беретін бұл нысандарда 8258 бүлдіршін бар. Ауданда балабақшамен қамтылу деңгейі 99,6 пайызды құрады. Балабақшада жұмыспен қамтылған 1989 азаматтың 900-ы педагог-персонал, - деді аудан әкімі.
Биыл бүкіл әлем пандемия салдарынан қиын жағдайды бастан кешті. Осындай кезде ең бірінші кезекте - халықтың денсаулығы басты назарда тұрды. Ордабасы ауданында тұрғындарға ем алуға толықтай жағдай жасалды.
- Коронавирус пандемиясының ықтимал екінші толқынына дайындық барысында ауданда демеушілердің көмегімен ескі аурухана ғимараты толық күрделі жөндеуден өткізіліп, 100 төсек орынды провизор орталығы ашылды. Соның ішінде: 6-реанимациялық төсек орын; 20 төсек орынды обсервация бөлімі бар; Провизор орталығы лас және таза аймақтарға бөлініп, санитариялық -эпидемиологиялық талапқа сай жабдықталды; барлық керекті қондырғыларымен, 3 ауысымдық төсек орынмен қамтамасыз етілді; аурухана бойынша барлығы 26-ИВЛ аппараты, 41-дана кислородты концентраторы бар. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ПТР сынамасын анықтауға «BIO RAD» аппараты орнатылып, провизор бөлімшесінен 4- бөлме зертханалық жұмыстарға қарастырылды. Сараптама жүргізетін маманның арнайы біліктілігі арттырылды. Зертханаға 2-дәрігер, 2-лаборант және 2-кіші қызметкер бекітіліп, жұмыс жүргізуде. Бүгінге дейін жалпы 15 326 азаматтан сынама алынды, - деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
Сонымен қатар, Бадам ауылында облыстық маңызы бар автожол бойы да абаттандырылуда. Құрылыс жұмыстары республикалық және облыстық бюджет есебінен жүзеге асуда. І-кезеңіне 56 560 мың теңге, ІІ- кезеңіне де 56 560 мың теңге қаралды. «Даулет» ЖШС аяқжол, веложол, көгалдандырумен ғана шектелмей «Шаңырақ» стелласын орнатуды қолға алуда. Сонымен қатар, Бадам ауылындағы «Орда» мөлтек ауданының инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысына да қаржы қаралып, Ауыз су, электр жүйелерінің құрылысы басталды. Сондай-ақ, жол төселіп, пайдалануға беріледі. Жалпы жобаның сметалық құны 3 млрд.184 млн. 719 мың теңгені құрады. Бұл қаржыға 385 гектарға орналасқан 1371 тұрғын үйдің коммуникация мәселесі шешімін табады.