Қазақстан 1,5 миллиард еуро қарыз алады

Oinet.kz 22-12-2020 686

Қазақстан коронавируспен күресу және Қазақстан экономикасын қалпына келтіру үшін Азия Даму Банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 миллиард еуро алады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Президент Тоқаев.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Заңдарды бұған дейін депутаттар қабылдаған.

908 миллион еуроға алғашқы қарызды Азия Даму Банкі беруі керек. Қазақстан 454 миллион еуро мөлшеріндегі қарыздың бір бөлігін, үш жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 10 жыл ішінде өтеуге тиіс. Қалған 454 миллион еуро бес жылға, оның ішінде үш жылдық жеңілдік кезеңіне беріледі.

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен екінші келісімге 661 миллион еуроға қол қойылды. Қарыз үш жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, өтеу мерзімі 10 жылға беріледі.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, ақша пандемияға қарсы күрес, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуды қалпына келтіру шараларын қаржыландыруға, сондай-ақ экономиканың нақты секторын қолдауға жұмсалады.

Қарыздардың сыйақы мөлшерлемелері - Euribor 0,5 пайыз. Тартылатын қарыздарға қызмет көрсетуді және оларды өтеуді Қаржы министрлігі бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Тоқаев тағы бір заңға қол қойды
Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу