Тоқаев «Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директорын қабылдады

Oinet.kz 21-12-2020 835

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Теңізшевройл» компаниясының өндіріс орындары мен «Теңіз» кенішіндегі короновирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды.

Тоқаев, Имер Боннер.png

Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды.

Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Кандидаттар «Түркібасы» ЖШС ұжымымен экспромт-кездесу өткізді
Заң жобасына түзетулер енгізілетін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу