Кандидаттар «Түркібасы» ЖШС ұжымымен экспромт-кездесу өткізді
Бүгін Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер – Б.Жабатаев және М.Асан «Түркібасы» ЖШС-нің ұжымымен партияның бағдарламасын таныстыру мақсатында экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы Түлкібас ауданын дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалғанын айтты. Үміткерлер партияның барлығына ашық екенін хабарлап, өзара тиімді ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екендігін мәлімдеді. Партияның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау болып табылатынын түсіндірді. Өз кезегінде мекеме қызметкерлері еліміздің бас партиясына сенім білдіретіндерін жеткізіп, қолдауға әзір екендігін айтты.
Жалпы «Түркібасы» ЖШС 2018 жылы 50% жеке кәсіпкердің және 50% Түлкібас ауданы әкімдігігің қолдауымен «Түлкібасы» коммуналдық шаруашылығы болып құрылған болатын. 2018 жылы толығымен бұл мекеме толығымен жеке кәсіпкерлікке өтіп, «Түркібасы» ЖШС болып қайта құрылды. «Түркібасы» ЖШС директоры – Жартыбаев Келесбек Ешенқұлұлы. Аталмыш мекеме аудандағы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалармен жұмыс жасайды. Мекеме жұмысшылары бекітілген кестеге сай апта сайын жеке және заңды тұлғалардың күл-қоқыстарын алып кетіп, орталықтағы күл-қоқыс полигионына апарып, сұрыптап, кәдеге жарату және жою жұмыстарын атқарарады. Келесбек Ешенқұлұлы басқарып отырған мекемеде 40 адам жұмыс атқарып келеді. «Түркібасы» ЖШС арнайы техникаларымен қамтамасыз етілген.