Павлодар облысында жол апаты болып, бес адам қаза болды
Павлодар облысында тасжолда ауа райының қолайсыздығынан жол апаты болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда сағат 13:05 шамасында Павлодар - Қызылорда жолының 201-шақырымында болды.
- Жол дұрыс көрінбей, Subaru Outback, Lada Granta және Toyota Cаmry көліктері жол апатына түсті. Апат салдарынан бес адам оқиға орнында қаза болды, олар - Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары, - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Ведомство мәліметінше, қаза тапқандардың арасында кішкентай бала да болған. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, қайтыс болғандардың кім екені анықталып жатыр.