150 теңге үшін автобус жүргізушісін ұрып, қабырғасын сындырған (видео)

Oinet.kz 21-12-2020 865

Алматы облысының Жетіген станциясында автобус жүргізушісін 150 теңгеге ұрып тастаған, деп хабарлайды Oinet.kz.  

Алматы облысы көлік.png

Бұл оқиға туралы Facebook қолданушысы Бақытжан Рысбаев жазды.

- Бүгін күндіз № 220 маршруттың жүргізушісіне Жетіген ауылының бірнеше жас жігіт қарақшылық шабуыл жасады. Жүргізушіні ұрып-соғып, қабырғаларын сындырып, барлық ақшаны алып кетті, - делінген жазбада.

Автордың сөзіне қарағанда, полиция кінәлілерді іздеуде дәрменсіздік танытып отыр.

Бақытжан Рысбаев  оқиғаға 150 теңге себеп болғаны атап өтті.

- Куәгерлерден жауап алуды сұраймыз!, - деп қосты автор.

Павлодар облысында жол апаты болып, бес адам қаза болды
«Қазақтың тарихында ешкім, ешқандай жер сыйлаған жоқ» - Бауыржан Байбек (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу