Тастыбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесу өтті
Бүгін "Nur Otan" партиясының үміткерлері - Қ.Спабекова, М.Асан Тастыбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында үміткерлер "Nur Otan" партиясының 2020-2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасы аясында халықтың әл-ауқатының артуына байланысты атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар Қазақстаннның түкпір-түкпіріндегі өзекті мәселер қамтылып, 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен толығымен жүзеге асырылатындығын атап өтті.
- 2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді өзгертті, басымдықтарды өзгертті, бұл көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік.
Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, ауданды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады. Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде, - деп халықты дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Тастыбұлақ ауылының тұрғындары өз кезегінде дауыстарын партияға беріп, қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.