Гүлзира Айдарбекова Желтоқсан көтерілісінде көрген қиындығын айтты

Oinet.kz 16-12-2020 6642

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова 1986 жылы Алматы қаласында өткен Желтоқсан оқиғасы туралы көргенін айтты. Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында баяндады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

 Желтоқсан оқиғасы.jpg

Коллажда оң жақтағы қыздың Гүлзира Айдарбековаға қатысы жоқ

Талай жасты қан қақсатқан Желтоқсан көтерілісі өткен 1986 жылы Гүлзира Айдарбекова Алматыда болған. Сол жылы 18 жасар қыз алғаш рет жұмыс істеуді бастаған.

- 1986 жылы "Үйбасқаруға" (Домуправление - автор) жұмысқа орналастым. Аталған ғимарттың астында "Эдельвейс" деген клуб болды. Сол жерде жұмыс істейтінмін. Бір күні жұмыстан шығып келе жатсам, жұмыс маңындағы трибунаның үстінде біреу сөйлеп тұр екен. Адамдар көп болды. Әсіресе жастар, студенттер көп болды. Менде барып тыңдап тұрдым. Бізді дубинка ұстаған солдаттар қоршап тұрды. 

Көтеріліс болған кезде менде ортасында қашып жүріп аяғына дейін болдым. 

Осы оқиғаны көрген соң үйге барып тамақ батпай әбден жыладым. Айман деген тәтенің үйінде 3 қыз тұратын. 4-шісі болып мен қосылғам. Сол 3 қызды "бізде шығайық, қанымыз қазақ" деген ұран айтып қыздарды алып шықтым, - дейді продюсер. 

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Анар Рақымжанова.jpg

Тарихи фотосуреттегі қыз - Анар Рақымжанова

Қызының тағдырына алаңдаған анасы Гүлзира Айдарбекованы жұмыстан шығарып ауылға алып кетеді. Бірақ, Гүлзира ханым ауылда ұзақ жүре алмағанын айтты. Ол үлкен қалада оқығысы келетінін айтып анасын көндірген. 

Продюсер Желтоқсан оқиғасы кезінде аштан қиналғандарын айтты. 

- Дүкендердің бәрі жабық. Содан түкпір-түкпірді аралап нан іздеп, оны студенттерге тасыған кездер болды. Бәрін тығылып жүріп жасадық. Сол жылы мен Алматыда зооветеринарлық институтта дайындық курсында оқып жаттым. Осы оқиғадан соң оқудан бірден шығып кеттім, - дейді Айдарбекова. 

Еске сала кетейік, бүгін 1986 жылы Алматыда өткен Желтоқсан көтерілісіне 34 жыл толды.

Назарбаев алғаш рет жиен немересінің өліміне қатысты пікір білдірді
«Мені өлтірмекші болды» - Мұхтар Шаханов (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу