Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың қатысуымен өңірдің проблемалық мәселелері талқыланды

Oinet.kz 15-12-2020 1027

Төлеби Нұр Отан.jpg

Бүгін "Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен сайлауалды штабында өткен жиынға аудандық мәслихатқа депутаттығына үміткерлер: Қ.Қансеитов, М.Ермаханбетова, Н.Клушев, Х.Аширбеков, Б.Қожатай, А.Катаев, Ф.Қалтаева, Д.Турдалиевтер қатысты. 

Бұл шарада өңірдің проблемалық мәселелері талқыланып қана қоймай ауданда шешілмей жатқан мәселелерді шешу жолдары айтылды. Іс-шараны ашып, жүргізіп отырған «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары және аудандық мәслихат депутатығына үміткер Қ.Қансейтов басқосудың мәні мен мақсатына тоқталды.

Нұр Отан Төлеби.jpg

Аталған жиын барысында сонымен қатар кандидаттар партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды аудан тұрғындарына жете түсіндіру қажеттілігін атап өтті. Көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салды.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі

Елбасы Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
«Емшіге барып жүрген» Марқұм Сымбат Құлжағарованың күйеуі пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу