5 баласы өрттен қаза болған ата-ана балалы болды

Oinet.kz 12-12-2020 4102

5 жұлдызы сөнген Ситер отбасы Евгений мен Жанымгүл балалы болыпты.

Евгений мен Жанымгүл.jpg

Елордада жер үйлердің бірінен шыққан өрттен бір отбасының 5 бүлдіршіні қаза тапқан болатын. Қайғылы оқиға қыздардың ата-анасымен бірге дүйім жұрттың да қабырғасын қайыстырды. Арада бір жыл өткеннен кейін Евгениймен Жанымгүл балалы болды, деп хабарлайды Oinet.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Бұл Қуанышты хабарды журналист Ерқанат Көпжасар Instagram парақшасында жариялады. 

- Қуанышты хабар! 5 жұлдызы сөнген Ситер отбасы Евгений мен Жанымгүл балалы болыпты. Жаратқан бір ауыртпалықтың артынан екі жақсылық жібереді, - деді ол.

Желі қолданушылары Ситер отбасын сәбилі болуымен құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырып жатыр. 

Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Әзімов қайтыс болды
Түркістан - Cарыағаш: Үміткерлер сайлаушылардың пікірін тыңдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу