Ақпараттық орталық қызметкерлерімен өткізілген кездесу
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов 2020 жылдың 7 желтоқсанында Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар басқармасының "Ақпараттық-коммуникациялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен, яғни орталықтың бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында Шымкент қаласындағы Еңбек қатынастарының 2020 жылдың 11 айының қорытындысымен, оның ішінде ұжымдық шарт және еңбек шарттарын жасасу, өндірістік жазатайым оқиғалар, жалақы қарыздары, әлеуметтік көмек беру, жұмыскерлердің құқын қорғаудың бүгінгі жағдайы мен «Татуласу орталығының» жұмысы, Еңбек Кодексіне, «Кәсіптік одақтар туралы» заңға және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысына енгізілген өзгертулермен және толықтыруларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамындағы кәсіподақтардың 2021 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі, мәслихаттар депутаттарының сайлауын бақылауға қатысатыны жөніндегі мәлімдемесімен таныстырды.
Серік Елемесұлы кездесу соңында қызметкерлерді «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, айтулы мереке қарсаңында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикасына, мемлекеттік қызмет саласына және кәсіподақ қозғалысының дамуына сүбелі үлес қосқан қызметкерлерге марапаттар табыстады.
Атап айтқанда, «Құрмет Грамотасымен» Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар басқармасының "Ақпараттық-коммуникациялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Әділхан Абайұлы Ниязов және бөлім басшысы, кәсіподақ ұйымының төрайымы Дана Қайратқызы Үйсінбек марапатталды.