Тоқтар Әубәкіров Назарбаевпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Oinet.kz 07-12-2020 1461

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров Елбасымен қарым-қатынасы қаншалықты деңгейде екендігін жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайға берген сұхбатында айтты.

Тоқтар Әубәкіров пен Нұрсұлтан Назарбаев.png

Ғарышкер әуелі журналистің "Елбасы үйіңізде болды ма?" - деген сауалына жауап берді.

- Елбасы болды. Осында дөңгелек үстелде отырып біраз әңгімелестік, тамағын да ішті. Бәрі дұрыс болған. Екі рет болды - деді ғарышкер өз сөзінде.

Тоқтар Әубәкіров сөз арасында Елбасы екеуінің қарым-қатынасы қаншалықты деңгейде екенін де айтып қалды. 

- Жақсы деп мен айта алмаймын. Бірақ ол кісінің сондай ерекшелігі біз ұрыссақ та ол мына туған күнімде үйіме келіп өзі құттықтайтын - деді Тоқтар Әубәкіров.

Сонымен қатар, ғарышкер туған күнінде Назарбаевтың қандай сыйлық сыйлағанын айтты. 

- Ол кісінің маған сыйлағаны мықты бір қылыш болды. Оны мен көп ойландым не себепті бергенін. Мен ойлаймын енді ол кісіде бір кезде ойға түсетін шығар: «Қалай? Не болады Қазақстан?» - деп. Сонымен тоқтама міне саған қылышың. Онымен барып жан-жақта ешкімнің басын шабу емес, саясатта жүрсің сенің тілің қылыш болсын. Өткір қылыш дегенді сондай оймен маған сыйлаған деп ойладым - дейді Тоқтар Әубәкіров.  

«Ең қиыны, өзің тәрбиелеген күшік сені қапқаны» - Қонаев (видео)
Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу