Көптен бері көрінбей жүрген Сара Назарбаева ел алдына шықты

Oinet.kz 25-11-2020 1026

Сара Назарбаева онлайн режимде өткен бала тәрбиесіне арналған халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды Oinet.kz  "КТК" арнасына сілтеме жасап.

image.png

Форум кезінде "Бөбек" қорының негізін қалаушы Қазақстан халқын ар-намыстан аттамай өмір сүруге және бір-біріне құрметпен қарауға шақырды.

- Адамның құндылығы неде? Кесіріңді тигізбе. Алдама, арыңа қарсы жүрме. Адамгершілігің болсын. Адам бол. Еркек болсын, әйел болсын, адам болуға міндетті. Өзіміз үшін, өз жанымыз үшін. Солай істеуіміз керек, - деді "Бөбек" қорының президенті Сара Назарбаева.

"Өзін-өзі тану: бала алдындағы миссия" конференциясы пандемияға байланысты видеобайланыс түрінде өткен.

Бүгінгі таңда "Бөбек" қоры арқылы балалар үйінің 8 мыңдай тәрбиеленушісіне қайырымдылық көмек көрсетілуде. Ал қордың жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған әдістемесін тек қазақстандық балабақшалар, мектептер және колледждер ғана емес, шетелдік білім беру ұйымдары да пайдаланып жатыр. Мысалы, Таиландта ашылған орталықта студенттерге "Өзін-өзі тану" қазақстандық бағдарламасымен білім беріледі.

Қызылорда облысы ТЖД бастығы қайтыс болды
Елбасы «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысын өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу