14 мың адам Шанхай әуежайынан шыға алмай отыр

Oinet.kz 23-11-2020 877

Шанхай Пудун халықаралық әуежайында қызметкерден коронавирус анықталуына байланысты тексеріс жүргізіледі, деп хабарлайды Daily Mail.

image.png

Әуежай басшылығы жүк терминалының қызметкері COVID-19 жұқтырғаны расталғаннан кейін 14 мың адамнан тұратын жұмысшылар мен жолаушыларды жауып, тексеру туралы шешім қабылдады.

Пудун ауданының денсаулық сақтау комитеті әуежайды эпидемиологиялық қауіптің орташа деңгейі бар аймақ деп жариялады.

Мамандар жерасты тұрағында зертхана мен тексеру пунктін ұйымдастырған, онда әуежай мен жүк терминалында болған барлық адам коронавирусты анықтауға тест тапсырады екен.

Биліктегілер коронавирус жұқтырғандар бар-жоғын әзірше айтпады.

Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде
Мамин Украина министрімен кездесе алмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу