Мамин Украина министрімен кездесе алмады

Oinet.kz 23-11-2020 964

Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий 12 қарашада Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, бірақ коронавирусқа арналған ПТР-тесттердің мерзімі өткеніне байланысты еліміздің үкімет басшысы Асқар Маминмен кездесе алмады, деп хабарлайды Oinet.kz.

Асқар Маминimage.png

Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Криклий Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Склярмен кездесті. Кездесу аясында Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Украинаның Инфрақұрылым министрлігі арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

- Қазақстандық тарап премьер-министр Мамин мен Украинаның инфрақұрылым министрі Криклийдің кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін білдірді. Алайда украин делегациясы мүшелерінің ПТР сертификаттарының жарамдылық мерзімінің (бес күннен астам) аяқталуына байланысты Мамин мен Криклийдің кездесуі болмады, - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Премьер-министрдің баспасөз қызметі коронавирус пандемиясына байланысты талаптарды орындау қажеттілігі туралы еске салды. Кездесулерді өткізудің шарттарының бірі - коронавирустың жоқтығы туралы ПТР сертификатының болуы. 

14 мың адам Шанхай әуежайынан шыға алмай отыр
Қазақстандағы коронавирус: Мамин ВАК отырысында жаңа тапсырма берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу