Тоқаев Үкіметке маңызды тапсырма берді

Oinet.kz 18-11-2020 746

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Бозжыра аумағында салынатын қонақүй құрылысына қатысты  тапсырма берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.Тоқаев студенттердің шәкіртақысын 25 процентке өсіруді бұйырды

- Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді, - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

7 қарашада желіде Бозжыра шатқалы ауданында құрылыс техникасы түсірілген видео пайда болды. Сол күні Маңғыстауда Rixos Water World Aktau отелін іске қосқан инвесторлар облыс аумағында "Бозжыра сафари-отель" бутик-отелінің бірегей жобасын іске асыруды ұсынғаны белгілі болды.

Жамбыл облысы әкімдігі чартерлік рейcке қатысты түсініктеме берді
Қазақстанда саяси қызметшілерді ротациялау енгізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу