Қашықтан оқытуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқаратыны рас па?
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари қашықтан оқытуға байланысты педагогтардың жалақысы қысқаратыны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz.
- Әлеуметтік желілерде қашықтан оқытуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқаратыны туралы шағымдар жазылды. Министр жалақы қысқармайтыны туралы айтқан болатын. Осындай жағдайда мұғалімдер не істеуі керек және бұл қаншалықты заңды? – деген сұрақ қойды тілші екінші тоқсанның басталуына арналған брифингте.
- ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы айтқандай, жалақы қысқармайды. Нақты жағдай бойынша қарастыру керек. Егер нақты қай мұғалімнің жалақысы қысқарғаны туралы ақпарат болса, біз оны егжей-тегжейлі қарап, сіз айтқан мәселеге қатысты тиісті қорытынды шығарамыз, - деді Рүстем Биғари.