Қазақстанда 26 градусқа дейін аяз болады

Oinet.kz 16-11-2020 648

Синоптиктер 17-19 қараша күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауады.

- Орталығы Самараның үстінде орналасқан солтүстік-батыс антициклонының жотасы Қазақстанның ауа райына өз әсерін тигізуді жалғастырады. Кей жерде әлі де қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады, бірақ түнде ауа температурасы солтүстік аймақтарда 18-26 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда 5-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі. Еліміздің кей жерінде тұман түсіп, оңтүстік жартысында көктайғақ, солтүстік бөлігінде бұрқасын болжанады, - деді синоптиктер.

Тоқаев Асанәлі Әшімовты құттықтады
Алматыда такси жүргізушісі жолаушыға шабуыл жасаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу