Ринат Зайытов: Тоқал алайын десем, ақшам жетпей жүр (видео)

Oinet.kz 12-11-2020 1391

Айтыскер ақын Ринат Зайытов көлемді сұхбат берді. Жеке өмірі мен саясат, айтыс пен ақындар туралы сөз қозғады. Айысткер сайлаудан кейін өзін айыптаған халықтың көбейіп кеткенін мойындайды. Алайда ақынның өз шындығы бар. 

image.png

Бұл туралы Зайытов Нартай Аралбайұлымен тікелей эфирдегі  сұхбаты кезінде айтты. 

Зайытов өткен президенттік сайлау кезінде партия ашатынын айтып, елді сендірген еді. Алайда дәл қазір партия ашудың ешбір тиімділігі жоқ екенін айтады. Себебі оған тосқауыл болатындар көп.

- Жоғары жақтағылар менің партиямды тіркемейміз деп ашық айтты. Мен 20 мың адамды да оңай жинай аламын. Партия да аша аламын. Оның ешбір қиындығы жоқ. Тек ол партияны тіркемейді екен. Маған солай айтты. Мен дауысқа түссем, дайын партияның атынан түсе салғаным дұрыс сияқты, - деді ол.

Зайытовқа жоғарыдан адамдар келіп, елбасы туралы ән жазуды сұраған екен. Алайда айтыскер қомақты қаражаттан бас тартқан. 

- Жаз кезінде үлкен кісілер келді. Елбасы туралы ән жазып, өзің оқып берсең, сенде бәрі болады деді. Алматыдан жақсы үйді уәде етті. Мен бас тарттым. Ойландым, бірақ қолымнан келмеді. Менің материалдық шамам керемет емес. Ақшадан қысылатын кездерім болады. Тоқал алуға да шашам жетпей жүр. Әйтпесе тоқал алуға 7 атамыздан дайынбыз ғой, - деді ол. 

Ринат Зайытов анасына бір үй алып бере алмағанын айтып, өкінішін парақшасында жазған еді. Алайда өзінде қанша мүмкіндігі бола тұра арсыздыққа бара алмайтынын айтады. 

- Анам маған өкпеледі. Неге жұрттың баласы құсап тыныш жүрмейсің деді. Мен бәрін көріп отырып, қалай тыныш жүре алам? -дейді Ринат. 

Түркістан облысында адалдықты жырға қосқан айтыс аламаны өтті
Мемлекет басшысы Серік Жұманғаринді қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу