Танымал спортшы жауапкершілікке тартылады

Oinet.kz 11-11-2020 839

Белгілі спортшы, колледж директоры Айбек Нұғымаров тәртіптік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Айбек Нұғымаров екі дүркін «Қазақстан барысы» атанды

ШҚО білім басқармасы танымал балуан және Семей колледжінің директоры Айбек Нұғымаровтың карантин кезінде тойда жүрген видеосына қатысты пікір білдірді.

- Барлық қызметкер мен оқушыларына үлгі болып саналатын директордың өзі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзады. Айбек Серікболұлы қазіргі уақытта еңбек демалысында. Демалыстан шыққан соң оны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады. Оқытушылар қауымын шектеулерді сақтауға, қашықты сақтаудың, бетперде тағудың, санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын көрсете білетін үлгі болуға шақырамыз, - делінген ШҚО білім басқармасының ресми хабарламасында.

Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысын өткізеді
«Қазақстандықтардың үштен екісі қазақ тілін біледі» - Елбасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу