Жасөспірімдер үйінің түлегі жетім балаларды 15 млн теңгеге алдаған

Oinet.kz 11-11-2020 915

Таразда балалар үйі тәрбиеленушілерінің есеп шотындағы үй аламыз деп жинаған қаражатты алаяқтық жолмен ұрлағандар анықталды. Белгілі болғаны, бірнеше адамнан тұратын қылмыстық топ жеті жеткіншекті тақырға отырғызған, деп хабарлайды Oinet.kz  "КТК" арнасына сілтеме жасап.

22 адамды алдап, ақша жинаған алаяқ әйел ұсталды | Almaty.tv

Светлана - облыстық балалар мен жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі. Екі жыл бұрын есеп шотынан 2 млн 300 мың теңге ұрланған. Ол "алаяқтарға алдандым" дейді. Айтуынша, құрбысы бір ерлі-зайыптымен таныстырған. Сол бейтаныс біреулер оның іші-бауырына кіріп, соңында тақырға отырғызыпты. 

- Ерлі-зайыпты және тағы бір нотариус кісімен жолықтық. Олар мені қояр да қоймай пәтерге кіргізіп алды. Сөйтіп балам ару, оған көмек керек деді. Сол жерде жылап-сықтап, тек сен ғана көмек бере аласың деп, бір құжаттарға қол қойғызды. Ал, ертесіне пәтер аламын деп жинаған банктегі ақшам жоғалып кетті, - деді жәбірленуші Светлана Чеславлева.

Светлана болған жайтты дереу директорға айтқан. Артынан дау көтереліп, тағы 6 тәрбиеленушінің сан соғып қалғаны анықталған. Жалпы сомасы 15 млн теңгеге жуық қаражат жоғалған. Күдіктілер жәбірленушінің кейбірін алдап түсірсе, кейбірін қорқытыпты.

- Әр баланың шотынан 2 миллионнан жоғары ақша ұрланған. Балалардың айтуы бойынша, олардың біразы қорыққаннан қол қойған. Біразы білмеген. Қалай шешілгенін біз де түсінбедік. Себебі бұл жерде нотариус қол қойған. Және куәліктер жасалған, - деді Ләззат Мәдиева, Жамбыл облыстық Балалар мен жасөспірімдер үйі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Мәдиева.

Жәбірленушілер арыз жазғаннан кейін 25 жастағы келіншек қолға түсті. Ол осы балалар үйінің бұрынғы түлегі екен. Полицейлер күдікті жетімдерге үй әперемін деп алдағанын айтты. Қазір осы дерек бойынша іс қозғалыпты. Ал оның сыбайластарына қатысты әзірге мәлімет жоқ. 

- Ол облыстық балалар мен жасөспірімдер үйінің түлегі бола тұра, күдікті осы мекеме түлектерінің шотынан мемлкекеттік жылжымайтын мүлік сатып алуға бөлінген ақшалай қаражатты алуға қатысты болған, - деді Гүлсара Мұхтарқұлова.

Жетімдердің қолды болған қаражаты мемлекеттен берілген. Олар бір тиынын жартпай, ай сайын түскен ақшаны банкке жинап, үй аламыз деп үміттенген еді. Алайда, алаяқтар онсыз да тағдыры қиын балаларды тақырға отырғызып кетті. Енді ұрланған қаражат қайтарыла ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.- 

Кейінгі тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Польшада 16 жастағы қазақстандықтың өліміне байланысты наразылық акциясы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу