Алматының таулы ауданында өрт болды

Oinet.kz 09-11-2020 818

Кеше, 8 қараша күні кешкісін Алматының тау бөктерінде өрт шығып, оны сөндіруге отыздан астам маман жұмылдырылды, деп хабарлайды Oinet.kz порталы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

image.png

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт сөндірушілер Медеу ауданының "Бұлақ" саяжай серіктестігі маңына жеткен. Бірінші келіп жеткен құтқарушылар халық қоныстанған жеке үйлерге қауіп жоқ екенін анықтапты. Қызыл жалынды жылдам сөндіруге тау бөктеріндегі жүріп тұруға қолайсыз жер, солтүстік-батыстан соққан күшті жел кедергісін жасағаны белгілі болды. 

- Жанып жатқан шөптің биіктігі 1,5 метрге жетеді. Таулы жер болған соң техника өте алмайды, жол жоқ, өртті сөндіру өте қиын, сол себепті өрт сөндірушілер жаяу әрекет етті, - делінген хабарламада. 

Оқиға орнында 33 маман жұмыс істеген. Олар тілсіз жауды түнгі 21:00 шамасында ауыздықтады. Еске салсақ, 5 қарашаға қараған түні Өскемен қаласында екіпәтерлі үйден өрт шықты. Үйді шарпыған жалыннан қонақ бөлмедегі жиһаз, түсқағаз, төбе, үй иесінің жеке заттары мен тұрмыстық техника жанып кеткен. Өрт сөндірушілер 15 шаршы метрдегі өртті ауыздықтады. Анықталғандай, өрт сөнбей қалған темекі тұқылынан шыққан.

Сондай-ақ Алматы қаласында зоотауарлар дүкенінде өрт шығып, 57 жастағы әйел адамның тоққа түсіп қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Оқиға орнынан дүкенге көрші тұратын тұрғын жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілген. 

Өрт сағат 19.28-де толықтай сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ – 400 шаршы метр. Оқиға болған орыннан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде жарияланды. 

«Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендетілмейді» - Мамин
Мемлекет басшысының апталық жұмысына видеошолу жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу